Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан келген 1 миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға тегін таратылуда.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері Әл-Фараби ауданындағы Сәуле, Қошқарата, Текесу елді мекендері және Терешкова көшесін аралап, аз қамтылған отбасыларға тегін медициналық бетперделер таратты.
Сонымен қатар, Еңбекші ауданындағы Көксай 2, Көксай 3, Жастар 1, Жастар 2 тұрғын алаптары мен Теміржол өткелі тұрғындарына да маскалар үлестірілді.
Бүгін жалпы қала бойынша партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері және еріктілер тарапынан 270 мың бетперде таратылды. Кеше 1 миллион бетперденің 600 мың данасы қала тұрғындарына үлестірілген болатын. Жоспар бойынша енді қалған бетперделер шаһардың өзге де шағынаудан тұрғындарына таратылатын болады.