«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалында жеке және заңды тұлғалар арасында қоғамдық қабылдау жүргізді.

Алғаш рет әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде жүрген қоғамдық қабылдау барысында Хаким Дүйсешұлы азаматтардың өтініштерін тыңдап, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді. 

Түркістан қаласының тұрғыны Мырзақұлов Құрманбай мектеп директорының өзін мұғалімдіктен босатқанына наразы. Шағымданушының айтуынша, Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты МҚКК «Қолөнер мектебінде» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарған. 2018 жылы 3 қазанда мектеп директоры Қ. Мырзақұловтың штат бірлігін заңсыз қысқартқан. ұнымен келіспеген азамат сотқа жүгінген. Қолында дәлел-дәйектері де бар. Мәліметке сүйенсек, қолөнер мектебінің басшылығы ата-аналардың қолы қойылған жалған құжат жасатып, биыл каникул кезінде 239 оқушыдан 145 оқушыны қысқартып, мектепте 93 баланы қалдырған. Қазақстанда баламасы жоқ мектептің бүгінгі тағдырына алаңдаған департамент басшысы бұл істі назарға алатынын жеткізді.

Сондай-ақ Кентау қалалық емханасында оператор қызметін атқаратын мүмкіндігі шектеулі Анарбекова Анаркүл өзі қызмет ететін емханада бухгалтерлік қызметке кіруге ниет еткен. 2015 жылы бухгалтер курсын аяқтаған Анаркүлді емхана басшылығы кемсітіп, аталған жұмысты бір қолмен игере алмайсың деп жауап қатқан. Әділдік пен адами қарым-қатынас іздеген азаматша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалына арнайы келген. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Хаким Дүйсешұлы азаматтық танытып, Анаркүлді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментіне бухгалтерлік жұмысқа шақырды. 
Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Қоғамдық қабылдауы әлеуметтік желіде тікелей эфирде өтті. Виртуалды Қоғамдық қабылдауда азаматтар тарапынан біршама сауалдар қойылып, оларға тиісінше шұғыл жауап жолданды. Партия филиалының xалықпен тілдесудегі жаңа бастамасы ары қарай да жалғасын табатын болады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.