Қаратау ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен кіреберістері және қоқыс алаңдары толық залалсыздандырылды.
Сонымен қатар ауданға қарасты тұрғын алабтардағы ішкі көшелер мен қоғамдық орындар да дезинфекцияланды. Жергілікті сауда дүңгіршектеріне де санитарлық талапқа сай, нысанды күнделікті екі рет тазалау жұмыстарынан жүргізіп отыру ескертілуде.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласы бойынша бір апта көлемінде 285 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары мен жертөлелері және 750 мың кіреберіс пен 145 көше індетке қарсы дәріленді.
Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне, кіреберіс алаңдарына және аулаларына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Дәрілеу шараларына еріктілер мен сарбаздар жұмылдырылған.
Айта кетейік, Шымкент қаласында індеттің алдын алу бойынша дезинфекциялау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.
Залалсыздандыру жұмыстарын 200-ден астам еріктілер мен әскери қызметкерлер атқаруда. Барлығы 1 мың литрге жуық дайын сұйықтық пайдаланылды.
Мамандардың мәліметіне сүйенсек, дезинфекциялау сұйықтығы мен қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті.
«Шымкент Сити» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіребестері және аулалары індетке қарсы залалсыздандырылды.
Сонымен қатар тұрғындарға сақтық шаралары ескертіліп, аса қажеттілік болмаса үйде отыруға кеңес берілді.
Қазір қала аумағында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Ірі сауда орындары мен базар аумақтары сенбі жексенбі күндері толық дезинфекциялау жұмыстарынан өтеді.