Ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы, алып денелі ағылшындық Энтони Джошуа (22-1, 21 КО) шілде айында WBO, WBA, IBF и IBO белбеулерін сенсациялық жағдайда ұтылып қалған болатын. Енді ол өзінің ұтылып қалған төрт белбеуін де ертерек қайтарып алуға мүмкіндік алып отыр.
Естеріңізде болса мексикалық Энди Руис (33-1, 22 КО) есімді томпақ жігіт, АҚШ елінде өткен жекпе-жекте Энтони Джошуаны ұрып құлатып, WBO, WBA, IBF и IBO белбеулерін өз беліне тағып, абыроймен еліне алып кеткен еді. Екі боксшы бүгін Сауд Арабия елінде өтетін екенші кездесулерінің алғашқы «көз атыстыруын» өткізді. 07 желтоқсанда өтетін кездесулері жайлы өз ойларын да білдірді.
Джошуа: «Ия, мен өз чемпиондығымнан айырылдым. Чемпиондық – тек белбеулерден тұрмайды. Ішкі рух пен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Екі жауынгер тағы да төбелеске шығады. Мықтымыз жеңіске жетсін. Руис, жетінші желтоқсанға дейін ғана чемпион.»
Руис: «7 желтоқсанда белбеулер менде қалады, бокс тарихына атымды тағы да қайта жазам, бірінші кездесудегі жағдай тағы да орын алады. Мен барлық «жорамалшыларды» қапы қалдырамын. Мен жеңіске «ашпын» ба? Әрине, мен 15 минуттық жетістікті ғана қанағат тұтпаймын. Бокстағы қазіргі даңқымды ұзақ жылдарға созуға дайынмын.»