Құрметті жерлестер!
Баршаңызды бүгінгі қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ұлық мереке мұсылмандар арасында мейірімділікті, игілікті, бірлікті, ізеттілікті, қайырымдылықты, достық пен шаттықты арттырумен ерекшеленеді. Құрбан айт мерекесі тек қана діни мейрам емес, сонымен қатар, бейбітшілік пен келісімнің нышаны.
«Құрбан» сөзі «жақындау», «тығыз байланыста болу» деген мағынаны білдіреді. Бұл күндері адамдар жақындарына ақ тілектерін арнап, игі істер жасауға ұмтылады.
Ендеше осы қасиетті Құрбан айт мерекесінде бір-біріміздің қателіктерімізді кешіріп, өзара татулығымызды арттыруға және де қоғамның игілігі үшін қайырымды істерді жүзеге асыруға атсалысайық ағайын!
Қасиетті мейрамда әрбір шаңыраққа тыныштық пен бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін! Тілеген тілектеріңіз, шалған құрбандықтарыңыз, барша жасаған ізгі амалдарыңыз сауаптан жазылсын!
Құрбан айт құтты болсын!