Шымкентте өндіріс қана емес, ауыл шаруашылығы саласы да қарқын алып келеді. Биылғы жылдың үш айында жалпы ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 4,9 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 107,7 пайызды құрады.
Атап атар болсақ, мал шаруашылығы 8,9 %, ет өнімі 14,2 %, сүт 2,9, % жұмыртқа өндіру 11,4 % артқаны байқалады.
Оған қоса енді жылы аймақта жылыжайға басымдық берілмек. Шымкентте қазірдің өзінде жылыжай көлемі 183 гектарды құрайды. Оның 53 гектары — өнеркәсіптік. Қалада бұдан бөлек 2020 жылы 30 гектар өндірістік жылыжай іске қосылмақ. Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 100 гектар өнеркәсіптік жылыжай кешенін салу жобасы қолға алынған. Ол жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады.
Шымкентте көктемгі дала жұмыстары да бітуге жақындады. Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақытылы жеткізілді. Тапшылық жоқ.
Жалпы қала аумағында 62 мың гектардан астам жер бер. Биыл егіс алқабын өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға ұлғайтып, 27,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
Инвестиция және несиелендіру бойынша жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асады. Оның ішінде 4 құс шаруашылығын кеңейту, 4 жылыжай құрылысы, 2 тауарлы сүт фермасы, 2 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу, 1 қарқынды алма бағы, 1 ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, 1 сүтті қайта өңдеуді кеңейту, 1 мал бордақылау алаңын салу, 1 кондитерлік өнім өндіру жобалары бар.
Шымкент қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасы
[15:41, 06.05.2020] Сабит Тастанбек: ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: ШЫМКЕНТТІК 274 976 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНГЕН
2020 жылғы 6 мамыр, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 883 адамнан өтініш түскен.
Оның ішінде 278 558 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 249 596 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.
Жалпы әлеуметтік төлем алатын 278 558 азаматтың ішінде 265 776 өтініштер бойынша, ал, 12 782-сіне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 274 976 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.
Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы