Шымкент қаласы аумағы бойынша 838,6 км жылу құбырлары бар. Бүгінде жылу құбырларының тозу деңгейі 37%-ы құрайды.
Сондай ақ, 23 қазандық және 17 сорғы стансалары жұмыс істейді. Ал 23 жылу қазандықтарының тозу деңгейі 30,5% құраса, 17 сорғы стансалары тозу деңгейі -41 % құрайды.
Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 6,2 млрд. теңге қаржы қаралды.
Атап айтқанда:
— 3,1 млрд. теңгеге 8,7 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
— 3,1 млрд. теңгеге 9,3 км жылу жүйелеріне (3 жоба) қайта құру жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланып, нәтижесі күтілуде (15.05.2023ж.).
2022 жылы қаладағы 81 елді мекеннің 50 елді мекені табиғи газбен қамтылса, 27 елді мекені жартылай, 4 елді мекен қамтылмаған.
2023 жылы қалған 6 нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарда.
Олар: Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле ш.а, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га.
Сондай-ақ, Нұртас шағын ауданына жеткізуші газ құбыры және Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер мекемелер анықталды. Нұртас ш.а. газ құбыры 2023 жылы аяқталады. ал Ынтымақ-2 ш.а. газ жүйесінің құрылыс жұмыстары 2024ж. аяқталады.
Сондай-ақ, Қайнарбұлақ 1,2 кезең құрылс жұмыстарын аяқтауға қаржы толық қаралған жағдайда 2024 жылы аяқтау жоспарда.
2023 жылы табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94%-дан, 96%-ға жеткізу жоспарда.