Шымкент қаласында азық-түлік, көкөніс және тағы басқа тұрмыстық тауар өнімдерін сақтайтын ірі Сауда логистикалық орталығы 228 гектар аумақты алып жатыр. Қазір мұнда үш жоба жүзеге асырылған, яғни «Continental logistics Shymkent», «Kazakhstan Logistic group», «Зерде» компанияларының тұтынушылық өнімдерін сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр.
2018 жылы» Continental Logistics Shymkent «ЖШС компаниясы Шымкент қаласында (24 784 ш.м. (құрғақ және климаттық қоймалар)» А » класты көлік-логистикалық орталығын (КЛО) пайдалануға берді.
Шымкент КЛО жалпы ауданы – 34 га, толық инфрақұрылымы бар:
Жалпы температуралық қойма «а»»
Климаттық қойма, «А» класты»
Жүк контейнерлік терминал
Кедендік бақылау аймақтары (УСҚ және кеден қоймасы)
Кеден өкілдерінің кеңселерімен кедендік ресімдеу орталығы
Ілесіп жүру секторы (тауарлық темір жол кассасы, қабылдап-тапсырушылар, ветеринарлық және карантиндік бақылау).
Серіктестіктің негізгі қызметі табыс алу болып табылады. Серіктестік жобаны жүзеге асыру және дамыту мақсаты үшін құрылатын қатысушылардың бірлескен кәсіпорны болып табылады.
Мақсаттарға қол жеткізу үшін серіктестік заңнамамен тыйым салынбаған қызметтің мынадай негізгі түрлерін жүзеге асырады:
Көліктік-логистикалық орталықтар құрылысын ұйымдастыру;
Көліктік-логистикалық орталықтарды пайдалану;
Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
Жүктермен көліктік-экспедиторлық және қоймалық операциялар;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
Ал жаңадан қолға алынған 6 жоба алдағы күндері логистикалық орталықтың тасымалдау бөлшегіне айналмақ.
Соның бірі «Euro Tranzit Service Management» көкөніс сақтау қоймасы. Құны 5 миллиард теңге тұратын жобаның құрылысы биыл басталып, қазір қарқынды жұмыс жүргізілуде.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған сауда логистикалық орталығында болып, қойма құрылысының бет-алысымен танысты. Қазір мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған, сондай-ақ ғимарат негізгі 3 блокқа бөлінеді.
Бірінші, 12 мың шаршы метрді алып жатқан тауарды құрғақ сақтау бөлімі, екінші 8 мың шаршы метрлік мұздатқыш бөлігі, үшінші қосымша тауар сақтайтын бөлік. Қойма жылына 240 000 тонна жүк қабылдауға қауқарлы. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталып, 80 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі