Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Асылбековтың тапсырмасымен мереке күндері жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Мереке қарсаңында 103 қызметіне жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен педиатрлар тартылмақ. Олар қосымша медициналық көмек беретін болады.
Қазірде жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 2000-2400-ге дейін шақырту келіп түседі. Оның басым бөлігі ЖРВИ және пневмония сырқатына байланысты шақыртулар дейді мамандар.
Жалпы қалалық жедел жәрдем қызметінің 9 шағын стансасы бар. Күн сайын 100 бригада шақыртуға барады.
Айта кетейік, мамандар бірінші деңгейдегі шұғыл шақыртуға 10 минутта, екінші деңгейге 15 минутта, үшінші минутта 30 минутта жетуі тиіс. Төртінші деңгейдегі шақыртуға 1 сағаттың ішінде баруы қажет.