Шымкент қаласында 4 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді. Осыған орай, Шымкенттегі 8-шағынауданда (№53 көпқабатты үй) карантин жарияланды.
Айта кетсек, індетті жұқтырған 24 жасар азаматша 8-шағынауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Науқас ауруханаға жатқызылып, оқшауланды. Қазіргі таңда жағдайы қалыпты. Қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Науқаспен байланыста болған 21 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның алтауы жақын туысы).
![](https://q-content.kz/wp-content/uploads/2020/04/91879612_2706879.jpg)
Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 12 адам тіркелді.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы