Кентау қалалық «Nur Otan» партиясының филиалында «Nur Otan» партиясының Кентау қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Д.Махажанов қала тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға «Nur Otan» партиясының Кентау қалалық филиалының бірінші орынбасары С.Асылбеков, қала әкімінің орынбасары Б.Алимбетов, қала әкімінің орынбасары С.Расұл, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. А.Усманбетова, жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Баубек, Хантағы ауылының әкімі Б.Жорабеков, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары м.а. А.Абдрасилов қатысты. Жеке қабылдауда кәсіпкерлік мақсаттағы жер, ауыз су және газ, көшелердегі жарық шамдар, базардағы кемшіліктер секілді мәселелер сөз болды. Жиын соңында қала әкімі Дәурен Сәбитұлы көтерілген мәселелер заң шеңберінде қаралып, оң шешімін табатынын жеткізді.