Шымкенттен жөнелтілген жүз мыңға жуық бетперде елордалық дәріханаларға тез арада жеткізілетін болады, деп хабарлайды q-content.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Бүгін, Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исақов бұл ақпаратты растап отыр.
«Шымқалада өндірілген медициналық маскалардың алғашқы партиясы Нұр-Сұлтандағы бөлшек сауда желілерінде сатылымға түседі. Жалпы 100 мыңға жуық дана бетперде (маска) жеткізіледі. Зауыттағы бағасы — 49 теңге. Ал дәріханалар желілерінде 56 теңгеден сатыладуы тиіс», — деді Исаков.
АЛ, елордалық Денсаулық сақтау департаментінің өкілдері қаладағы сатылатын бетпердің тапшылығын бөлшек сауда желілерінде бақылап, барлық медициналық нысандар маскалармен қамтамасыз етілгенін жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Үкіметіміз маска шығаруды бақылауға алып, экспортқа тыйым салғаны белгілі болды.
«Бүгін біз бөлшек сауда желісіне маскалардың жеткізілуін күтеміз», — деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
Сондай-ақ, бетперделер аурудың белгілері бар адамдар ғана киюі керек екендігі назарға алынып отыр.
«Қорғаныштың қарапайым әдістерінің ең тиімдісі — бұл қол жуу, жеке гигиена. Маскалар қорғауға кепілдік бермейді, олар инфекцияны таратпау үшін түшкіруге арналған», — деді Зекен Исақов.
Бүгінгі Шымкентте өндірілген медициналық маскалардың алғашқы партиясы Нұр-Сұлтандағы жол тартты. Уайымдарыңыз аз болсын, елордалықтар.