Шымкентте 130 тұрғын қайтарымсыз сертификат арқылы баспаналы болды. Оның ішінде көпбалалы отбасылар саны-51, ерекше бала асыраушы отбасылар – 64, толық емес отбасылар саны- 11, бюджеттік ұйым қызметкерлері — 4.
Қазіргі таңда тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау жалғасуда. Бұл жеңілдікке азаматтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады.
Тұрғын үй сертификатының талаптарына сәйкес қайтарымсыз 1 млн. теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.
Айта кетейік, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй – коммуналдық даму бағдарламасы — бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру көзделген.
Табысына қарай тұрғын үйге қолжетімділіктің градациялық жүйесі көзделеді.
«Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша отбасы мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейі бірге дейінгі табысы бар кезекте тұрғандарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беріледі.
Салынған жалға берілетін тұрғын үй әкімдіктердің тізімінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына кезек тәртібімен сатып алу құқығынсыз ұзақ мерзімге жалға берілетін болады. Мұндай санаттағы адамдардың тізбесі «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 68-бабында келтірілген.
Ескеретін жайт, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шот ашу үшін жеке куәлік және банк менеджеріне жүгіну қажет.
Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс деңгейі 3,1-ден асатын табысы бар азаматтар үшін :»7-20-25″ бағдарламасы қолжетімді.
«7-20-25» бағдарламасына кез келген адам кезектілігі бойынша шектеусіз қатыса алады.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі 5-тен жоғары табысы бар адамдар бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарықтық өнімдерді («Баспана-хит» ҰБ, «Орда» ҚИК, «Өз үйім» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) пайдалана алады.
Өтініш www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады.