Он жылдық тарихы бар «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы ЖШС-гі бірлесе отырып, өңіріміздегі көпбалалы аналарымызға «КӘСІПКЕР АНА» бағдарламасын мақұлдап, жеңілдетілген несие ұсынып отыр. Бұл несиенің түрі көпбалалы аналарға ыңғайлы пайызды және көптеген жеңілдіктерді қарастырған.

«Оңтүстік» АИО» ЖШС-нің төрағасы Қуаныш Бәйтөре және «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Данияр Арынғазиннің қолдауымен жоба қолдау алып, ізгілікке айналмақ. «Кәсіпкер ана» бағдарламасының ерекшелігі – жылдық  мөлшерлемесі 4 пайыз болса, төленетін несиеге 9 ай каникул беріледі. «Кәсіпкер ана» бағдарламасы – кепілсіз 2 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар. Бағдарлама бойынша екі кепілгер қарастырылған.

Қазіргі таңда, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «Оңтүстік» орталығы мен «Ырыс» микроқаржы біріге отырып, «Кәсіпкер Ана» бағдарламасын жүзеге асыруы – аналарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға тікелей септігін тигізбек.

Көпбалалы аналарымыз «Кәсіпкер Ана» бағдарламасы аясында, жеңілдетілген несие алу арқылы шағын кәсіп ашуы үшін көп құжатты қажет етпейді.

Көпбалалы аналарымызды қаржылай қолдау мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілген көмекті дер кезінде жеткізу – «Оңтүстік» АИО» мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-дің басты мақсаты.

«Оңтүстік» АОИ» мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і біріге отырып атқаратын «Кәсіпкер Ана» бағдарламасы да мақұлданып, алдағы уақытта іске асырылып, халыққа пайдасын тигізер деген үміттеміз!

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.