Биыл жыл соңына дейін Абай ауданы таза ауыз сумен және элект қуатымен толық қамтылатын болды. Бұл туралы бүгін Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері баяндалған есептік жиында айтылды. Халықпен кездесуде қала әкімі Мұрат Әйтенов және аудан әкімдері мен барлық басқарма басшылары атқарылған жұмыстары туралы баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Жоспарға сәйкес 257 мыңнан астам халқы бар ауданда ауызсу, сапалы электр қуаты мәселелері толық шешіліп, Газдандыру жұмыстары келесі жылы 100 пайыз шешімін таппақ.
Ауданда 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 білім ғимараты салынады. Биыл 4 мектеп Нұршуақ, Жаңатұрлан, Бозарық шағынаудандарында бой көтерсе, 2025 жылға дейін заманауи білім ошақтары Асар -2, Шымкент Сити, Достық елдімекендерінен салынатын болады.

Сондай-ақ биыл аудан аумағында шағал тас төселген, орташа жөндеуден өткен 60 көше пайдалануға беріледі.

Халық қауіпсіздігі де қашан да назарда. Биыл жоспарға енгізілген көшелер жарықтандырылып, белгіленген аумақтарға 250 бейнебақылау қондырғысы орнатылады.
«Халық қатысатын бюджет» шеңберінде тұрғындардың талап-тілектері ескеріліп, 15 әмбебап балалар алаңшасы, 3 спорт алаңша салынады.

300-ге жуық тұрғын қатысқан есептік жиында коммуналдық, әлеуметтік салаларға қатысты түрлі сұрақтар қойылды. Жауаптылар халықтың барлық талап-тілектерін назарға алып, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді. Мұрат Дүйсенбекұлы аудан әкімі мен сала басшыларына азаматтармен дер кезінде кері байланыс жасап, бірлесе тығыз жұмыс істеуге шақырды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.