Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Қызылсай тұрғын алабының тұрғындары кездесулерде көптен бері жол мәселесін көтеріп келген.
Нәтижесінде қала әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына еніп, маусым айының басынан бері аталған тұрғын алапта қала орталығына қатынайтын тура жолдың құрылысы жүргізілуде.
Бүгінде салынып жатқан теміржол асты өткелінің құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған.
“Қала орталығына бару үшін бұрын айналып өтетін жолмен жүретінбіз. Ауа-райы қолайсыз мезгілдерде жедел жәрдемнің қатынауы өте қиын еді. Тұрғын алабымыздың осы жол мәселесі енді қолға алынды. Өткен жолы бір топ техника келіп, жолды жөндеу жұмыстарына кірісті. Міне, шаруа қарқынды жүріп жатыр. Біз үшін бұл өте қуанышты жаңалық,”– дейді тұрғындар.
Теміржол асты өткелінің құрылысы аяқталған соң тұрғындар сапалы жолмен толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қалаға тиімді қатынауына және қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік алады.
Еске сала кетейік,Еңбекші ауданында 64,5 шақырым жол жөнделеді деп айтылған болатын. Ең көп бөлігін, яғни 50,2 шақырымдық жол шалғай аудандарға бөлінген болатын. Ең ауқымды жұмыс Қаратау ауданында болады деп жоспарланған болатын. Мұнда 90 шақырым жол жөнделеді 2021 жылы. Сайрам, Шапырашты, Орманшы, Мәртөбе, Қайнарбұлақ, Өтеміс, Таскен, Достық (Қызылсай), Асар-2 тұрғын алаптары мен Азат шағын ауданында 42,3 шақырым жол жөнделеді. Сондай-ақ, 13 шақырым ішкі орам көшелері, 34,7 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған болатын.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.