Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу,халыққа тегін,жалпыға бірдей,жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қам-тамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жүрегін алмастырған науқастың халін білу үшін ауруханаға арнайы барды. Басқарма басшысы науқастың қазіргі денсаулық жағдайын сұрап, тезірек жазылып, отбасына оралуына тілеулес екенін жеткізді. Сондай-ақ қаланың бас дәрігері пациентке жасалған транплантациялық отаның қала медицинасын дамуындағы зор жетістік екенін атап өтті.

–Біздің жергілікті кардиохирургтар Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы мамандарымен бірлесіп, отаны сәтті жасап шықты. Осы орайда отаны жасаған білікті дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Қала тұрғындарының саулығын жақсартып, сапалы медициналық көмек көрсету үшін барынша қызмет етеміз, –деді басқарма басшысы Н. Асылбеков.

Айта кетейік, 5-шілде күні Шымкент жүрек орталығында 61 жастағы тұрғынға жүрек трансплантациясы жасалды. Ота кезінде кардиохирургтар пациентке 46 жастағы ер адамның жүрегін орнатып берді. Донорлық жүректі қайтыс болған ер кісінің туған-туыстары пайдалануға рұқсат берген. Күрделі операциядан кейін тоғызыншы күні дәрігерлер науқастың жүрек тамырына стент орнатып берді. Бүгінде пациенттің жағдайы жақсы. Жүрегін алмастырған науқас медицина мамандарының бақылауында болады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.