Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты психикалық денсаулық орталығындағы оңалту бөлімшесі осыдан екі жыл бұрын ашылған. Осыған дейін мұнда аутизмге шалдыққан 359 бала оңалту шарасынан өтті.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков емдеу орталығына арнайы барып, емдеу жұмыстарымен танысты. Орталықта ем алған балаларда оң нәтижелер байқалады. Түзету-дамыту бағытындағы кешенді шаралардың нәтижесінде олардың сөйлеу қабілеті жақсарып, моторлы еліктеулерді түрткі арқылы орындау, дұрыс отыру және көпшілік ортада еркін сезіну сынды жақсы көрсеткіштер байқалған.

Айта кетейік, оңалту бөлімшесінде аутизммен есепте тұратын балаларға амбулаториялық деңгейде медициналық көмектер көрсетіледі. Бөлімшеде медициналық-диагностикалық қарап-тексеру, түзету жұмыстары, сенсорлық интеграция, психофизикалық жағдайды тұрақтандыруға арналған дене тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізіледі. Алдағы уақытта бөлімшенің жұмысын кеңейтіп, аутизмге шалдыққан балаларға қолжетімді медициналық қызметтерді замана талабына сай жандандыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Ғылыми деректерге сүйенсек, әлемде аутизм дертіне шалдыққан сәбилер қатары жылдан-жылға көбейіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметінше, 2020 жылы әлемдегі әрбір 54-балаға аутизм диагнозы қойылады. 2022 жылы елімізде 8 796 бала аутизмге шалдыққан, ал бейресми деректер бойынша, 30 мыңнан асады. Орегон мемлекеттік университетінің (АҚШ) аутизм институты директоры Эрик Фон Бонның сараптамалық бағалауы бойынша, Қазақстанда 60 000 балада аутизм белгілері бар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.