Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың 2022 жылы халықпен кездесуінде тұрғындар елді мекендерді газ, су, жарық және кәріз жүйесімен қамту бойынша өтініштерін жеткізген болатын. Қала әкімі өтініш-ұсыныстарды ескере келе, инженерлік жүйелермен қамтылмаған шағынаудандардағы өзекті мәселелерді шешуде нақты тапсырма берді. Нәтижесінде жеке инвестиция есебінен 6 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

Соның ішінде, 4 нысанның, атап айтқанда, Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарық шағынаудандарындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталып, сараптама қорытындылары алынды. Қалған 2 нысанның яғни, Ақжайық, Таскен шағынауданындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы осы жылы аяқтау жоспарланған.

Құрылыс жұмыстары қолға алынса, Айқап және Ақжайық шағынаудандарына кәріз жүйесі тартылады. Ынтымақ-2, Асар-2. Бозарық (жаңақұрылыс), Таскен (жаңақұрылыс) шағынаудандарында ауыз су, газ, жарық, кәріз жүйесінің мәселесі шешіледі.

Бозарық – Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, ауылдық округ орталығы. Шымкент қаласынан солтүстікке қарай 10 км жерде, Сайрамсу, Қызылсу өзендерінен тартылған Бозарық өзенінің бойында. Тұрғыны 2,6 мың адам (2003). 1929 ж. Сайрам ауылынан қоныс аударған өзбектер арық қазып, жерді игеріп, егіншілікпен айналысып, 1938 ж. «Бозарық» ұжымшарының іргесін қалады. Тұрғындарының ұлттық құрамы өзбектер – 60% мен әзербайжандар – 40%, 1942 ж. Кавказдан жер аударылғандардың ұрпағы. Ұжымшар негізінде «Жеміс» ӨК, т.б. шаруа қожалықтары құрылды. Бозарықта орта мектеп, клуб, «Ертегі» бала-бақшасы, фельдшерлік-акушерлік пункт, мешіт, т.б. мекемелер бар.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.