Қала тұрғындары күнделікті қарбалас уақытта байқамауы мүмкін, егер жіті назар аударсаңыз, айналаңыздағы сауда орталықтарының кіре беріс тұсында орналасқан орындықтар, ауладағы ойын алаңшаларының әткеншектері өзіміздің отандық өнімдер. Мәселен, «SHEGEN» сауда үйі» 2007 жылы құрылып, шағын фирмадан ірі компанияға айнала білген шымкенттік жиһаз өндіруші мекеме.

Ол Қазақстанның нарығына ғана емес, шет мемлекеттерге де өнімдерін шығарып үлгерді.

Қазіргі уақытта кәсіпорында 260-тан астам маман жұмыс істейді. Компанияның негізгі қызметі – кез келген күрделі құрастырылатын жиһаз өндірісі. Кәсіпорынның Германия, Қытай, Израиль, Түркия, АҚШ, Корея, Тайвань және т.б. елдермен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ, ТМД елдерінің компанияларымен тығыз серіктестік орнатылды.

Айта кетейік, кәсіпорын «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, биыл екінші деңгейлі банк арқылы айналым қаражатын толықтыруға жылына 21,75%-бен қаражат алды. Оның 14,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, қалған 8% кәсіпкер төлейді.

Отандық өнімді қолдау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі.

Еске сала кетейік, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәлімдеуінше, 2021 жылы ұлттық жоба аясында 48,8 мың жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілген екен, қызмет көрсету және өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 984 жобаға грант берілген екен. Бұдан басқа, 33,4 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды және 169 мыңнан астам ШОБ субъектілері бизнес ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер алған екен.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.