Түркістан облысының әкімшілігінің қолдауымен Арыс қаласында зардап шеккен кәсіпкерлерге арнайы «Қамқор» бағдарламасы жақында қолдау тапқан болатын. Бағдарлама өңірдегі қаржылық ұйымдар арқылы іске асып жатыр. «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-гі «Қамқор» бағдарламасы бойынша Арыстық кәсіпкерлерді алғашқылардың бірі болып қаржыландырған ұйым.

«Қамқор» бағдарламасының шарттары: жылдық мөлшерлемесі – 1 пайыз, 48 айға дейін, 6 ай жеңілдік қарастырылған және 5 миллион теңгеге дейін кепілсіз несие алуға болады.

Қазіргі таңда, «Ырыс» микроқаржы ұйымы Арыс қаласының жүзден астам кәсіпкерлерінің өтінішіктерін қабылдап үлгерді. Алдағы уақытта комиссия мүшелерінің тексерісінен өткен кәсіпкерлер жеңілдетілген несие алуын жалғастырады.

«Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің жеңілдетілген басқа да несие бағдарламалары:

«Жас кәсіпкер»: 1 пайыз, 60 ай, 9 ай жеңілдік және 2 миллионға дейін кепілсіз несие.

«Кәсіпкер ана»: 1 пайыз, 60 ай, 9 ай жеңілдік және 2 миллионға дейін кепілсіз несие.

Түкістан облысында он жылдық тәжірибесі бар мекеменің Арыс кәсіпкерлерін бұдан бұрын да қолдап келген мекемелердің бірі – «Ырыс» микроқаржды ұйымы. Тікелей өңір басшының тапсырмасын жүзеге асырып жатқан қаржылық мекеменің кәсіпкерлерді қолдаудан шаршамайды.

q-content ақпарат

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.