Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі Жолдауы Қазақстан халқына бірінші кезектегі ең қажетті және маңызды мәселелерді шешуге арналды деуге болады.
Ол агроөнеркәсіптік кешенді өндірістен терең өңдеу технологиясына көшу және оны цифрландыру, банктердің корпоративтік несиелендіру қаржы саясатын өзгерту, отбасы банктің өңірлер мен аудандарда қаржыландыру саясатын жүргізу, геологиялық барлау жұмысының әлі де баяу қарқында жүргізуіне тоқталып, оны орындауға нақты мерзімдер белгіледі.
Республикада расында су шаруашылығы бойынша жылдан-жылға трансұлттық каналдарға тәуелділігіміз артып барады. Бұл тұрғыда су үнемдеуге қатысты айтылған сөз орамдары орынды. Мемлекет басшысы шаруашылығы барлық су шаруашылығы қатысты мекемелерді біріктіру арқылы Су ресурстары және ирригация министірлігін құрып, бірыңғай суға қатысты саясат жүргізуді тапсырды.
Ең маңыздысы, уран өндіруде еліміз алдыңғы қатарда екеніміз ескеріліп, атом энергостанциясын салуды, ол үшін бүкілхалықтық референдум өткізуді ұсынды. Бұл да Президенттің халқымыздың пікірімен санасып, болашақта электр энергия тапшылығының алдын алу жөніндегі батыл қадамы деп санаймын.
Сонымен қатар аудан облыстар әкімдіктеріне бюжет кодексіне өзгеріс енгізіп, дербес бюджеттерін қалыптастыруға, бірқатар салық түсімдерін өңірлерге беруді тапсырды.
Жалпы айтқанда, Мемлекет басшысы осы Жолдауында барлық саланы қамтып, орындауға мерзім белгіледі. Бұған қарап еліміздің дамуына нақты қадамдар жасалғаны айқын көрінеді.
Тоқсейіт ЕЛЕКЕЕВ,
М.Әуеов атындағы ОҚУ Аграрлық факультет, Ветеринарлық медицина
кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.