2019-2020 жылдары аралығында 100 млрд. теңгеге жуық 14 инвестициялық жоба іске қосылмақ. Сондай-ақ, жергілікті бизнесті қолдау мақсатында Арыстағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін салық төлеуден босату қарастырылуда.

Айта кетейік, 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Арыс қаласында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3 433 бірлік болған. Оның 522-сі заңды тұлға болса, 1 802 жеке кәсіпкер және 1109 шаруа қожалығы бар.

Облыстық кәсіпкерлік палатасы жарылыс салдарынан зардап шеккен аймақтың кәсіпкерлерін заңды тұрғыдан сүйемелдеуге қатысты сұрақтар бойынша Арыс қаласы, Қонаев көшесі, 9 а, 14- кабинеттегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына немесе 8 (72540) 5-91-54 нөміріне хабарласуын сұрайды. Бүгінде онда бекітілген жауапты мамандар:

1. МАХМУТ Жомарт Мақсұтұлы – 8-701-908-10-32.

2. ТУЛЕБЕКОВ Маханбет Шалқарұлы – 8-775-977-32-58.

3. АШИРБЕКОВ Ханай Асанұлы – 8-702-411-22-22.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.