Айтпай келген апаттан кейінгі Арыс қаласын қайта қалпына келтіру шаралары қарқынды жүріп жатыр. Көптеген жұмыстар уақыттың еншісінде. Қаладағы 11-секторға жауапты ретінде Отырар ауданы мен БҚО бекітілген еді.

Жалпы бұл секторда саны 830 тұрғын үйлер болса соның 698-не жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның ішінде 9 көпқабатты үй болса 5 баспана бұзылып қайта салынатын нысандар қатарында. Қазір тиісті жұмыстарды межелі мерзімде аяқтау үшін құрылыс барысы қарқын алған. Бұл тұрғыда Отырар ауданының штаб бастығы-аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш секторда атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттерді баяндады.
Айтуынша отырарлықтарға бекітілген қала бөлігіндегі тұрғындарды азық-түлікпен, ауыз сумен қамту, елді мекендерді қоқыс қалдықтардан тазарту, залал келген құрылыс нысандарын қайта қалпына келтіру бойынша нақты істер атқарылуда. Яғни штабтағы 60 азамат түгелдей дерлік тиісті жұмыстардың басы-қасында. Қазір штаб кеңсесінде тұрғындарға өтемақы ретінде төленетін 100 мың тенгеге өтініштер қабылданып жатса, бұл жұмыстар бүгінде аяқталуға жақын. Сонымен бірге сектордағы тұрмысы төмен отбасыларға отырарлық штабтың мамандары азық-түлік тауарларын үйлеріне дейін жеткізіп беруде. Ал бұған Арыс қаласы тұрғындарының айтар алғыстары шексіз.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.