Жанұзақ ауылы жаңартылған клубқа ие болмақ

Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбековтың 2018 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп берген болатын. Есеп беруінде аудан басшысы ауыл тұрығындарының ұсыныстарын ескерген еді. Ұсыныстар арасында Жаскешу ауылдық округіне қарасты Жанұзақ елді мекеніндегі ауылдық клубқа жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген тұрғындардың өтініштері бар болатын. Бұл туралы q-content.kz ақпараттық порталы, аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түлкібас ауданында көпшіліктің ұсынысы аяқсыз қалмай, ауылдық клубқа күрделі жөндеу жұмыстары қарқыны қуантып отыр. 100-ден аса адамға есептелген мәдени нысанның жөндеу жұмыстары мен қатар, аумағы толығымен қоршалып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыры» бағдарламалық мақаласы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бұл нысан, аудан орталығынан шалғай жатқан 45 қана үйі бар Жанұзақ ауылының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Өйткені бұл жерде ауыл жастары музыкалық және басқада да үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдаланумен өткізуге жағдай жасалынбақ.
Ауылдық клуб қыркүйек айында елді мекен тұрғындарына қызмет көрсете бастаған.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.