Мақтаарал ауданында биылғы жаз айларында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында екі бірдей демалыс лагері жұмыс істеп жатқан жайы бар. Соның бірі «Толағай» қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне мектеп жасындағы арыстық 50 бала қабылданып, қазіргі таңда сауықтырылу үстінде. Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов дәл осы лагердің жұмысымен танысып, арыстық балалардың көңіл-күйлерінен хабар алып қайтты.

«Толағай» лагері бір мезетте 100 баланы қабылдаса, жаз бойы он маусымда 1000 баланы демалдыруға мүмкіндігі бар. Мұнда балалардың қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынып, тәрбиешілерге үлкен жауапкершік артылып отыр. Осы мақсатта балаларға лагерде түнгі кезекшілік ұйымдастырылып, электр, өрт, жолда жүру, бассейнге шомылу, спорт алаңындарындағы қауіпсіздік туралы нұсқаулықтар таныстырылып, күн сайын ескертіп отырады.

Лагердің тәрбиеленушілеріне емдеу-профилактикалық, сауықтыру іс-шараларын жүргізу мақсатында ас мәзірі мен дайындау сапасы қатаң тексеріледі. Оқушылар 5 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ, балалардың келгендегі және кеткендегі салмағы мен бойын өлшеу, денсаулығын қадағалап отыру, сырқаттанған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін медбикелер қызмет етіп жатыр. Баланың жеке басының гигенасын, төсек орынның тазалығын сақтауды қадағалау тәрбиешілерге жүктелген. Балалардың дене бітімін дұрыс жетілдіру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда.

Демалушы балалардың ақыл-ой, сана-сезімін жетілдіру бойынша да түрлі әдеби-сазды кештер, мәдени іс-шаралар, танымдық ойындар, байқаулар мен сайыстар өткізілуде. Бұдан бөлек, балалардың бойын сергіту үшін таза ауада арнайы серуендер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, лагерде күн сайын би кештері өтіп тұрады.

Аудандағы «Толағай»-дан бөлек, «Еркежан» қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагері де жаз бойы 800-ге жуық баланы қабылдай алады .

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.