Барлық балабақшада балаға жағдай жасалынуы керек. Жасай алуымыз керек. Барлық баланы балабақша тәрбишісі өз баласындай көріп, соған лайықты жағдайлар жасағаны дұры. Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов қаладағы жекеменшік балабақшаларды аралау барысында осылай деді.

Жалпы Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарды қосқанда 27 бала-бақша жекеменшік бағытта жұмыс жасайды. Алайда, қала әкімі балабақша меңгерушілеріне мекемеде балаларға барлық жағдайлар жасалыну қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Кентау қаласындағы жекеменшік балабақшалар соңғы заманауи тапаптарға сай жабдықталғандығын қоса айтып, жұмыс жүйесі әкімдіктің бақылауында болатынын жеткізді.

Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов қаладағы жазғы жүзу бассейіні мен футбол ойынына арналған Динамо алаңында да болды. Кентау қалалық «Ойын және су спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» жаз айы басталғалы жұмыс жасап келеді. Нысанда құрғақ жүзу спорт залы «Ангар» 100% жұмыс атқаруда, спорттың көптеген түрлерінен үйірмелер жұмыс жасайды. Нысан бойынша барлық құрылғыларды сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілген, сонымен қатар құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, нәтижесінде бассейн стандартқа сәйкес қатқыл тазарту сүзгісі, жарықтандыратын сүзгі,сорғы агрегат, ілмекті-реттеуші арматура, құбыр желісі, суды реттеуші қызметіне ие, сапалы Astrlpool Испания Vesubio сүзгілері орнатылған.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.