Бүгін, Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және С.Ерубаев музейлерінің ұйымдастыруымен, қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Алаштың айбары – ер Сұлтанбек» атты іс-шараны қолға алып отыр, деп хабарлайды q-content.kz ақпараттық порталының тілшісі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Халқының Тәуелсіздігі үшін бүкіл өмірін сарп етіп, елінің ертеңі үшін күрескен тұлғалармызды алдыңғы ұрпақ ұпытпауы керек. Елі үшін бәріне дайын болған ер азаматтардың бірі Сұлтанбек Қожанұлының өмірі мен ел үшін атқарған еңбек жолы естен шықпайтын болады. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің кітапханасында сақталған кітаптар және фотосуреттер, зерттеу еңбектері арқылы сыр шертуге мүмкіндік бар.

Бүгінгі жиын барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков шараның маңызы мен тәрбиелік мәніне тоқталды.

— «Сұлтанбек Қожанов десе білмейтін қазақ жоқ! Ол түсінікті де, өйткені, өшпес өршілдігімен, қайтпас қайсарлығымен, халыққа деген риясыз көңілімен ел есінде мәңгі қалды. Ел ішінде елшіл ері болмағаны мен оның атқарған істері мәңгілік тарих толқынында жанды күйде сақтап қалады», — деді Мұрат Тастанбеков.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Хазретәлі де Сұлтанбек Қожановтың тарихи істерін анықтап, ұрпаққа қалдыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі.

— «Мен Ташкент, Мәскеу, Орынбор, Алматы, Шымкент архивтерін ақтарып көрдім. Құжаттардың бәрін жинап, құжат негізінде 5 томдық кітап дайындаймыз, алдағы уақытта жарыққа шығатын болады. С.Қожанов 1894 жылы Созақ ауданына қарасты Ақсүмбіде, дүниеге келді. 1916 жылда басталған ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан. Қазақ балаларын батыр болуға шақырды. Қазақ атының, қазақ халқының жоғалмауын тіледі. Ол, — елін шексіз сүйді. Ал ендігі кезекте батыл ерін барша ұрпақ естен шығармауы тиіс. Оның іздерін, істерін жаңғырту сіз бен біздің азаматтық парызымыз саналады», — деді профессор Тұрсын Хазретәлі.

Бүгінгі игі шара барысында әр кезде ұлттық мүддені жоғары қойған Қожановтың еңбекшіл халқымен берік байланысы, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет мәселелерін шешудегі істері жөнінде де пікірлер айтылып, көпшіліктің көңілдерінен айтылған сөздер орын тауып жатты.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.