Түлкібас ауданының әкімі Н. Тұрашбековтың төрағалығымен аудан әкімдігінде мәжіліс өткен болатын. Мәжіліске жиналғандар басым көпшілігі әкім аппаратының қызметкерлері, аудандық мәслихаттың хатшысы және депутаттары, ауданның бірқатар мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды.

Бүгінгі күннің тәртібінде 4 мәселе қаралған болатын. Орман, тоғай, дала өрттерінен табиғатты қорғау бойынша атқарылған іс шаралар туралы баяндалды. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Тойлыбаев Ерлан Жазықбекұлы хабарлама жасап, жыл бойы атқарылған мәселелерге тоқталды.

Аудандағы ана мен бала өлімін азайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Турлыбеков Бахыт Кеңесбекұлы баяндамасын оқыды. Одан кейінгі аппарат мәжілісінде аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан беріліп жатқан атаулы әлеуметтік көмек туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қаратаев Ерден Әбдінұрұлы баяндама жасаса, аудан мектептерінің 2018-2019 оқу жылындағы қорытынды аттестаттауы мен ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы және оқушыларды жазғы сауықтырумен қамту барысы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Қадырбек Ержан Изтайұлының баяндамасы тыңдалды.

Мәжіліске келген баяндамашыларға келген журналистерден сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар да берілді. Мәжіліс соңында аудан басшысы атқарылған жұмыстарға өзінің бағасын беріп, тиісті мамандарға тапсырмалар тапсырды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.