Түркістан қаласының әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Шаһар басшысы Р.Аюпов қаладағы мемлекет мұқтаждығы үшін алынатын меншік нысандары туралы мәселені талқылап шықты.

«Нәтижелі жұмысты көбейтіп, жиналысты азайтайық» дейді, қала  басшысы Р.Аюпов. Шаһар басшысы ұжымға берілген тапсырманың нақты, уақытылы орындалуын талап етіп отыр.

Қазіргі таңда, «Әкімшілік іскерлік орталығы», «Рухани-мәдени аймақ», Б.Саттарханов және Тәуке хан даңғылы бойындағы, Шығыс базарының құрылысы түсетін аумақтағы нысандардың мемлекетке қайтарылуы туралы жауаптылардың мәліметін тыңдап шықты. Жалпы саны бүгінгі  таңға дейін 1349 нысан мемлекетке қайтарылу керек болса, оның бүгінде 441 алынып, орынына жаңа құрылыстар басталып кеткен.

Жалпы, осы жылдың соңына дейін Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 52 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл — 2300-ден астам пәтер, олардың ішінде 1200 отбасы, соның ішінде 270 аз қамтылған көп балалы отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанамен қамтамасыз етіледі. Ұзындығы 82,5 шақырым болатын 69 көшені жөндеу, ұзындығы 42,2 шақырымдық 47 көшені абаттандыру, сондай-ақ ұзындығы 12,8 шақырым болатын велосипед жолын салу жұмыстары басталды. Өңірді газдандыру үшін 31,1 км магистральдық газ құбыры салынады, 2020 жылға қарай қаланы табиғи газға 100% қосуға мүмкіндік бар.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.