Мырзакент кентінің орталық алаңында жақын күндері жақсы өзгерістер орын алмақ. Мақтарал ауданына қарайтын кенттің орталғы заман талабына сай көрікті етіп жасау үшін құрылыс жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды q-content.kz ақпараттық порталының тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жұмысты қолға алған мердігер «Строй.ком «Прогресс» ЖШС-і салып жатқан кешен қараша айында пайдалануға берілуі тиіс. Нысанның бас жобалаушысы — «Авангард-ОК» ЖШС, ал техникалық қадағалаушысы — «Royal Company» ЖШС. Мақтаарал ауданы әкімдігінің тапсырысымен жасалып жатқан ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін 30-ға жуық адам жұмысқа тартылған екен.

Түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін алаң алдағы уақытта аудан тұрғындарының ең сүйікті демалыс орнындарының біріне айналмақ.

Алаңның 6820 шаршы метрі брусчаткамен қапталып, 292 шаршы метріне асфальт төселмекші. Сондай-ақ, 25 қоқыс жәшігі, 25 орындық, 3 шатыр астындағы орын орнатылмақ.

Демалыс орнын көріктендіру үшін 7240 шаршы метріне газон төселіп, 950 акация, 100 шырша, 28 терек егілетін болады. Ең бастысы — ауа-райы ыстық мекенде тұрғындар үшін субұрқақ салынбақшы.

Бұл аудан орталығында абаттандыру жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатқаны қуантарлық жағдай. Бұдан бөлек, көлемі 16х5 метр болатын 10 дана ойын алаңшалары салынғалы жатыр. Сондай-ақ, қазіргі таңда 3 көшеге аяқжол төселіп, 3 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілу үстінде.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.