Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев «Кәсіпкер ана» және «Жас  кәсіпкер» бағдарламасы аясында, Бәйдібек пен Ордабасы аудандарында кәсіпкерлерге қаржылық сертефикаттар табыстайды. «Ырыс» микроқаржы ұйымы тарапынан қолдауға ие болып жатқан «Кәсіпкер ана» мен «Жас кәсіпкер» бағдарламалары өңірлік әкімшілік тарапынан үлкен қолдау табуда.

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясынада жеке кәсіпкер «Айтымбетов Қуат» көліктерге арналған техникалық қызмет көрсету бизнесіне және «Кәсіпкер ана» бойынша көпбалалы ана Құнанбаева Салтанат шлакаблок өндірісін дамытуға 2 миллион теңгеден қаржылық қолдауға ие болды.  

Кәсіпкерлермен кездесуде «Оңтүстік» АИО» төрағасы Қ.Бәйтөре мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің директоры Д.Арынғазин баяндама жасап, кәсіпкерлердің түйіткі сұрақтарына жауап беретін болады.

«Кәсіпкер ана» мен «Жас кәсіпкер» бағдарламалары Түркістан облысы әкімшілігінің тапсырмасымен жүзеге асып жатыр.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.