Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев «Кәсіпкер ана» және «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында, Бәйдібек пен Ордабасы аудандарында кәсіпкерлерге қаржылық сертефикаттар табыстап қайтқан болатын.

Ордабасы ауданынан «Кәсіпкер ана» бағдарламасы аясынада жеке кәсіпкер «Қуат Э.Ж.» тігін цехын ашуға және «Жас кәсіпкер» ЖК «Ақбаян» ұлттық киімдер және тойбастар тігуіне жеңілдетілген несие бойынша 2 миллион теңгеден қаржыландырылып отыр. 

Түркістан облысының әкімшілігінің қолдауымен Арыс қаласында зардап шеккен кәсіпкерлерге арнайы «Қамқор» бағдарламасы жақында қолдау тапқан болатын. Бағдарлама өңірдегі қаржылық ұйымдар арқылы іске асып жатыр. «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-гі «Қамқор» бағдарламасы бойынша Арыстық кәсіпкерлерді алғашқылардың бірі болып қаржыландырған ұйым.

«Қамқор» бағдарламасының шарттары: жылдық мөлшерлемесі – 1 пайыз, 48 айға дейін, 6 ай жеңілдік қарастырылған және 5 миллион теңгеге дейін кепілсіз несие алуға болады.

Қазіргі таңда, «Ырыс» микроқаржы ұйымы Арыс қаласының жүзден астам кәсіпкерлерінің өтінішіктерін қабылдап үлгерді. Алдағы уақытта комиссия мүшелерінің тексерісінен өткен кәсіпкерлер жеңілдетілген несие алуын жалғастырады.

Кәсіпкерлермен кездесуде «Оңтүстік» АИО» төрағасы Қ.Бәйтөре мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің директоры Д.Арынғазин баяндама жасап, кәсіпкерлердің түйіткі сұрақтарына жауап беретін болады. 
«Кәсіпкер ана» мен «Жас кәсіпкер» бағдарламалары Түркістан облысы әкімшілігінің тапсырмасымен жүзеге асып жатыр.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.