Кешегі өткен кездесуде «Астана» командамызға түсініксіз голдар соғылыпты. Ойынды тамаша бастаған Нұрсұлтандықтар бірінші болып гол да соққан болатын. Сол сәтте «Клуждың» келесі айналымға өтуі қиындау еді. «Клуж» 3:2 (1:0) «Астана».

Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіде қазақстандық командалардың саны жылдағыдай біреу ғана болатын. Ол – «Астана» командасы. Әттең, кешегі өткен ойында ойыншылардың босаңсуынан қарсыластары өздеріне керек үш голын соғып кетті. Ойынды Нұрсұлтандықтар бірінші болып гол соғып, тап-тамаша бастаған еді.

Шымкенттің «Ордабасы» командасы кеше Грузия еліне ұшақпен жетті. Бүгін Тблисилік «Тарпедо» командасымен Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуін өткізеді. Шымкентте өткен кездесуде «Ордабасы» командамыз 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

Кешегі ойыннан «Ордабасы» командасының ойыншылары сабақ алу керек. Әрине, өз алаңдарында жатып алудың да қажеті жоқ. Ойынның соңына дейін ойыншылар қорғаныста сақ ойнап, орталық алаңда күресе білсе, келесі кезеңге өтуге толық мүмкіндік бар. Жалпы, шымкенттіктер биылғы маусымда қорғаныста сауатты ойын көрсетуде. Қазақстан біріншілігінде қақпаларына ең аз гол жіберген команда болып саналады. 18 кездесуде голдар көрсеткіші 25-9! Алға Ордабасы!

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.