Өртті неге сөндірмейтін болды?

Алпауыт жерге, орманға бай Ресей Федерациясының Сібір облысында бір апта бойында орман өрті өшпей тұр. Жақын маңда орналасқан Краснодар шеті облысының миллиондаған халқы уланған ауаны жұтуға мәжбүр. Сондай-ақ, алыста орналасқан Башкирия жұртына да орманның өрті жетіп қалған көрінеді. Үлкен апатты тоқтатуға алпауыт ел қауқарсыздық танытып отыр.

Ресей мемлекетінің өртті сөндіруден бас тартуының себебі мынада екен: өртті болып жатқан орманды аймақ тым алыста; су тасмалдайтын ұшақтар өртті мекенге жеткізу үшін үлкен көлемде жанармай жағуларына тура келеді; 
Бұл елдің экономикасына тиімсіз екен. «Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ» деген осы шығар. Яғни, Ресей үкіметі миллиондаған халықына да, гектар-гектар ормандарына да жандары ашып отырған жоқ. Экономикасына тиімді болмаған соң, бастарындағы бақтарынан аман алып қалудан бас тартып отырғандары қандай өкінішті.

Соңғы кезде тамаша табиғатты бағалай алмай жүрген сияқтымыз. Құдай қазақ жерін, жұртын үлкен қасіреттерден алыс етсін!

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.