Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасын іске қосты. Осы тұрғыда кәсіппен айналысып, табысты болуды қалайтын жастарды қолдап, оларға мүмкіндік беру мақсатында Қызылқұм ауылдық округінің тұрғындары және жастарымен «Жас кәсіпкер» бағдарламасын насихаттау бойынша кездесу өтті.

Қазақстанда 2019 жыл – «Жастар жылы» деп ресми жарияланғаны белгілі. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып, табысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсетуді қолға алынып отыр.

«Жас кәсіпкер» – оқу жобасы ел ауқымында тиімділігін көрсеткен, танымал «Бастау» жобасы аясында іске асырылатын болады. Мұнда іш пыстыратын дәрістер және ескірген деректерге орын жоқ. Шынайы кейстер және үздік бизнес-тренерлер ұсынған шеберлік сабақтар, сондай-ақ кәсіпкерлік ортаға терең бойлау бар.
«Жастар жылында «Атамекен» жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға арналған «Жас кәсіпкер» жобада оқытудың құрамдас бөліктері қамтылып, әр стартапты танымал бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуі қарастырылған. Осы жоба арқылы жастар іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алады. Жобаға қатысқан жастар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде грант немесе жеңілдікпен қаржыландыруға мүмкіндік алады.
Қосымша ақпарат алу үшін: 8702 966-93-67

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.