Түркістан облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев филиал аппаратымен және бюро мүшелерімен жиын өткізіп, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының жаңа  бірінші орынбасарын таныстырды.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы саяси кеңес бюросының қаулысын негізге ала отырып, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен аталған қызметке Бейсенбай Тәжібаев тағайындалды.

— Халықпен ашық диалог орнатып, атқарушы билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жақсартудағы партияның рөлін күшейтуді тапсырамын.  Тиісті мемлекеттік органдардың басшыларын, депутаттық корпусты, фракция мүшелерін тарта отырып, тұрғындардан келіп түсетін арыз-шағымдарды қарауды және нәтиже шығаруды күшейту қажет. Арыста орын алған жағдайға қатысты мемлекет тарапынан жасалынып жатқан жұмыстарды елге түсіндіруді белсенді түрде жүргізу керек. Бұл ретте Бейсенбай Дәулетұлы партиялық жобаларды іске асыруда біліктілігін көрсете біледі деп сенемін, – деді облыс басшысы.

Бейсенбай Дәулетұлы 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Мамандығы – журналист, құқықтанушы.
Еңбек жолын 2002 жылы «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшісі болып бастап, 2005-2017 жылдар аралығында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «Айқын» газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі, елордалық «Астана» журналы» ЖШС редакциясының бас редакторы, Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы — баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.

2018 жылдың тамыз айынан бастап Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.