Жәнібек Әлімханұлы (7-0) профи рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол канадалық Стюарт МакЛелланді (27-3-3, 11 КО) бесінші раунда нокдаунға жіберді.

Естеріңізде болса, осы канадалық «құтырған» боксшы Жәнібекті «борат» деп интернетте мазақ еткен еді. Кейіннен кешірім сұрап отыр ғой. Әрине, кешірім сұрағанды кешіреміз. Басқаларға да сабақ болса дұрыс еді. Жалпы, қазақ спортшылары спортта үлкен құрметке ие.

Төбелеске дейін, кейде өзге спортшылар қазақ жігіттерін мазақ еткісі келеді. Бокс болсын, басқа спорт түрлері болсын. Алайда, артынша оңбай таяқ жеп, есін білмей талып жатады. Ал, қазақ жігіттеріміз өзге елдің спортшыларын әр қашан құрметтеп, сыйлап жүреді. Өте дұрыс! Қазақ жігіттері «құтырғандарға» сабыр сақтап, кейін қылышын бір сұғып алып жүр. Ілайым осылай болмақ. Қазақи тәрбиемізде адамды балағаттау, намысына тиетін сөз айту біз үшін ерсі әрекет. Барлық спортта жігіттеріміз жақсы жағынан көрініп жүрген жайы бар. Осы құндылығымызды жоғалтып алмауымыз керек.

Жәнібек батыр, кәсіби бокстағы 7-ші жеңісіне қол жеткізді. Алда әлі талай мықтылар күтіп тұр. Алла жар болып, күш-қуатыңды және жеңісті күндеріңді көп етсін!

https://www.youtube.com/watch?v=wqe6WdFkFho
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.