Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайназаров Уалихан Анарбайұлы Түлкібас ауданына арнайы іссапармен келіп, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында аудан мәслихатының депутаттары және қоғамдық ұйымдардың төрағаларымен кездесті. 

Кездесу барысында халық қалаулысы Уалихан Анарбайұлы «Нұр Отан» партиясы тарапынан елімізде атқарылып жатқан жұмыстар барысына кенінен тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөлісті.

Жиынға қатысушылар тарапынан Мәжіліс депутатына біршама ұсыныстар айтылды. Тиісінше, Уалихан Анарбайұлы тарапынан айтылған ұсыныстардың барлығы назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.