«Білім және ғылым». Осындай ұранмен өткен биылғы жаңа оқу жылының Тамыз конференциясында сөз алған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы педагог мәртебесін жоғарылату, мұғалімдердің біліктілігі мен оқулықтардың сапасын арттыру, заман ағымына сай материалдық қор жинақтау жайын алдыңғы қатарға қойды. Салтанатты жиын барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы ең алдымен білім және ғылым қызметкерлеріне шынайы ықыласын білдіре отырып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеудің аса жауапкершілікті іс екенін ерекше атап өтті. Ұстаздардың қазіргі еңбекақысына көңілі толмайтынын, «Мұғалімдер еңбегін лайықты бағалау – міндет» екендігін тілге тиек ете отырып, Үкіметке тиісті тапсырмаларды жүктеді. Бұдан бөлек, барлық педагогтардың еңбек демалысы 56 күнге дейін көбейді. 

Үш тілді білім беру, орта білім берудің әрі қарайғы стратегиясын жетілдіру, ауыл мен қаладағы білім сапасын бірдей ету мәселелері де конференцияда қозғалған өзекті тақырыптар болды.

Десе де, қай кез, қандай заман болмасын, ұстаздарға көрсетілер құрметпен қатар, айтылар тілек те, қойылар талап та көп. Оның бастысы – осы заманғы озық білімнің, тәрбие мен тәлімнің қайнар көзі болудан шаршамау. Ұстаздар, барлықтарыңызға жаңа оқу жылында жаңа кәсіби табыстар тілеймін!

Тоғжан Кенжебаева,
Қалалық білім бөлімінің әдіскері.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.