Білім беру саласы бойынша Кенді қаланың көрсеткіші көңіл көншітерлік. Тіпті, былтыр осы салада облыста көш бастады. Мұның себебі бастауыш, жалпы, орта білім беру мекемелеріндегі жүйелі білім мен жақсы шарт-жағдай болса керек. Бір ғана мысал, екі мыңға жуық халқы бар Байылдыр ауылында 200 орындық мектеп жыл сайын қаншалаған «Алтын белгі» иегерлері мен озат түлектерді баулып түлетуде. 

Мұнда балалардың кедергісіз білім алуына барлық жағдай қарастырылған. Мәселен, салқын, ыстық су, интерактивті тақталар, спорттық залдар, ұл-қыздарға арналған еңбекке баулу құрылғылары мен бақылау бейне камералары орнатылған. 

«Шаһар халқының өсім көрсеткішіне қарай алдағы уақытта білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау нысандары көптеп салынады»,- дейді шаһар мэрі. Бұл бағытта қала әкімдігі тарапынан зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр екен.

«Қала тұрғындары үшін ең басты мәселе — баспана. Биыл моноқалада 2 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталып, аяқталуға таяу. Нәтижесінде жуық арада 120 отбасы баспаналы болмақ. Сонымен қатар, 74 мөлтек ауданының 142 тұрғын үйіне инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына қарай 5 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 300 отбасы баспанамен қамтылатын болады», — дейді Әбдібақыт Тілләбайұлы. 

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.