Тамыз айының 15 мен 18 күндері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің қолдауымен Алматы облысы Талдықорған қаласында «Жастар жылына» арналған құқық қорғау қызметкерлері арасында «Самбо» күресінен чемпионат өтті. Айтулы додаға республика бойынша ішкі істер органы саласындағы барлық спортшылар қатысты. Сақшылар сайысында жеңіске жеткен жігіттерді Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы арнайы құттықтап, диплом мен Құрмет грамотасын табыстады.

Ұлттық спорттың дамуына үлес қосып, дүбірлі бәсекенің жүлдегері атанған қызметкерлерге толағай жеңістер тілеп, олардың жетістіктерімен мақтанатындығын жеткізді.

Талдықорған төрінде өзара мықтыны анықтау үшін бақ сынасқан дүбірлі дода осылайша басталып кетті. Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған балуандар түрлі салмақ дәрежесінде Талдықорғанның төрінде бақ сынасты. Аталмыш жарысқа Түркістан облысы намысын қорғап, Полиция департаментінің атынан сайдың тасындай балуан жігіттер қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 57 кг салмақ дәрежесімен І-орынды полиция аға лейтенанты Әбдіхалықов Мұхтар Маратұлы, 82 кг салмақ дәрежесі арасында ІІІ-орынды полиция аға лейтенанты Айдарбек Жәнібек Жақыпбекұлы, 100 кг-нан жоғары салмақ дәрежесі арасында І-орынды полиция капитаны Әбілдаұлы Сабыржан, 90 кг салмақ дәрежесінде қазақ күресінен ІІІ-орынды полиция сержанты Алиакбаров Ерболаттар жеңіп алып, жүлдемен оралды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.