Апаттан жапа шеккен қалаға ең керек нысандардың біріне – әлеуметтік-инфрақұрылымдық ғимараттардың тағы біреуінің құрылысы аяқталды. Арыс қаласындағы 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қалпына келтіруді аяқтады. Оның ішінде 64 нысан жөнделіп, 4- уі бұзылып, қайта тұрғызылды. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазіргі таңда, 56 нысан пайдалануға берілді, 8 нысанның жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады. Қайта қалпына келтірілген 4 нысан қыркүйек-қазан айларында пайдалануға беріледі. Олардың қатарында жәрдем және стоматологиялық бөлімдер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және балабақша бар.

«Біз нысандардың жағдайын бағалап, оларды қалпына келтірумен шектеліп қалуға болмайтынын бірауыздан шештік. Сондай-ақ, ғимараттардың жақсаруын қамтамасыз ету керек. Барлық мектептер жиһазбен жабдықталып, сондай-ақ ағаш терезелер пластикалық терезелермен ауыстырылды, ескі футбол алаңның орнына жаңа алаң құрылды және мекпетке арналған жаңа жиhаз алынды», — деді «Samruk Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.

Айта кету керек, 1 шілдеде Қор қираған әлеуметтік нысандарды – 6 балабақшаны, 16 мектепті, 1 колледжді, 30 жеке меншік балабақшаны, 8 денсаулық сақтау нысанын, 4 спорт нысанын, теміржол вокзалын, даңқ алаңы мен орталық алаңын жөндеуді бастады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.