«Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы жыл сайын дәстүрге сәйкес аталып өтілуде. Бұл жолы да бұрынғы келе жатқан дәстүрді бұзбай Кентау қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы №19 политехникалық мектеб-лицейінің үлкен залында «Мектепке жол» акциясы өтті. Акцияға қала әкімінің орынбасары Расұл Самат, Нұр Отан партиясының Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асылбеков Сағынбек және қалалық білім бөлімінің басшысы Әділ Ауелбеков қатысып балаларға деген ізгі тілектерін жеткізді.

Бұл акция тамыз айынан бастап қыркүйек айының 31 не дейін жалғасын табады. Бүгінгі таңда жергілікті бюджет есебінен 349 бала қамтамасыз етіліп, бұған қоса демеушілер есебінен 400 бала қамтылып отыр. Акция барысында балалар мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киімдер, сумка және мектепке қажетті құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Казіргі таңда 800 бала қамтылып отырса, қыркүйек айының соңына дейін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін балалардың саны артады деп күтілуде. Бұдан бөлек акцияға қалалық орталық мешіті, НұрОтан партиясы, әкімдік және кәсіпкерлер үлес қосуда .

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.