Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелеріне және әл-ауқаттың одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге арналған. Әсіресе, мемлекет басшысы медициналық қызметтердің сапасын жақсарту арқылы халықтың денсаулығын арттыруға болатының атап өтті. Осыған орай, 2020 жылдың 1 қаңтарынан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Жаңа жүйе іске қосылғаннан бастап, халық денсаулығының сақшысына айналатының шегелей түскені анық.

Сондай-ақ, Мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін сақтайды. Яғни, тегін медициналық көмек және медициналық сақтандыру пакеттері бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталатын болады. Мәселен, 2020 жылдан бастап жеңілдігі бар 15 санаттар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Жұмыс берушілер, жұмыскерлер, кәсіпкерлер денсаулық қоржынын толтыруды жалғастырады.

Біз Мемлекет басшысының Жолдауын толығымен қолдаймыз және қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді, тәжірибе мен біліктілігімізді саламыз. Осы ретте, қор медициналық қызметтерді қолжетімді ету үшін бірқатар іс-шараларды жүзеге асырып жатыр. Тарқатып айтсақ, медициналық сақтандырудың артықшылықтарын алғаш болып Қарағанды облысының халқы көретін болады. Жуырда аталмыш аймақта медициналық сақтандыру жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды. Медициналық сақтандыруды сынақтан өткізу алдын ала кемшіліктерді анықтауға және оларды 1 қаңтарға дейін жедел түзетуге мүмкіндік береді. Осыған орай, медициналық сақтандыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау кабинеті ашылды. Кабинет Қарағанды қаласы, Ә.Әлиханов к-сі, 2 (Қордың Қарағанды қаласындағы филиалы ғимараты) үйде орналасқан. Байланыс телефоны 8 (7212) 604-483. Мұнда медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес алуға, өтініш немесе шағым беруге, медициналық қызметтерді бағалауға болады. Келер жылдан бастап Қордың әр аймақтағы филиалдарында да осындай кабинеттер жұмыс істей бастайды.

Сонымен қатар, медициналық сақтандыру қоры 1406 байланыс орталығын іске қосты. Бұл нөмір бойынша медициналық көмек мәселелеріне қатысты кеңес алуға, өтініш немесе шағым беруге, медициналық ұйымдардың қызметтеріне баға беруге болады. Қоңыраулар Қазақстан бойынша кез келген телефоннан тегін. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

Келешекте call-орталық сақтандыру медицинасына жарналар мен аударымдар бойынша берешегі бар азаматтарға тиісті мәлімет беруге мүмкіндік жасайды.

Асхат Бейсенбаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.