Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Мира Сүлейменова тағайындалды. Сүлейменова Мира Пернебекқызы 1978 жылы 5 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.

Шымкент қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп – гимназияның үздік түлегі.

Білімі – жоғары. 1999 жылы Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін үздік бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы «Юмакс радиосында» журналист болып бастап, жаңалықтар қызметінің бас редакторы қызметін атқарған.

2002 – 2013 жылдар аралығында «31 арнаның» ОҚО бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
«31 – Шымкент» телеарнасының жаңалықтар қызметінің бас редакторы болған.

2017 жылдан бері Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.