Қазақстан автобизнес қауымдастығы елімізде тамыз айында қанша көлік сатылғаны туралы айтты.

Отандық диллерлер тамыз айында 5 781 жеңіл көлік пен жеңіл коммерциялық техниканы, сондай-ақ 607 жүк көлігі мен арнайы техниканы, автобустарды сатқан. Қазақстандықтар тамызда көлік сатып алу үшін 60 млрд теңге жұмсаған.

«Тамыз айында көшбасшылар тізімін Lada – 1 377 автомобиль бастады (өткен айға қарағанда -3%). Екінші орын Hyundai маркасында болса (1 269 бірлік; -8%), үшінші орын Toyota (1 254 авто (-12%)) маркасында. Қостанай өндірісінің Ravon автомобильдері төртінші (323 бірлік; -1%) орынға тұрақтап, нығаюын жалғастыруда. Бірден үш бренд Renault (238 бірлік; -2%), Nissan (191 бірлік; -1%) және Volkswagen (176 бірлік; +87%) Kia (162) маркасын төменге орындарға ысырып жіберді. Үздік ондыққа Lexus премиум сегменті (139 бірлік) және Skoda автокөліктері (93 бірлік; -45%) түйіндеді», – деп хабарлайды қауымдастықтан.

Модельдерді есепке алғанда бірінші орынды Toyota Camry 70 ұстап тұр. Өткен айда аталмыш маркамен 578 көлік сатылған. Екінші орын Lada Granta – 453 авто. Одан кейінгі орындарды Lada Vesta (381), Hyundai Tucson (373), Ravon Nexia R3 (317 бірлік), Hyundai Creta (299 бірлік), Hyundai Elantra (264 бірлік), Lada 4×4 (252 бірлік), Hyundai Accent (243 бірлік) және Lada Largus (211 бірлік) жалғастырып кете береді.

Қазақстанда ең көп сатылатын 10 көліктің тоғызы отандық кәсіпорындарда өндіріледі екен.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.