Қаламыздың басшысы еліміздің қоғам қайраткері, халық жазушысы Мұхтар Шаханов ағамызды жеке қабылдауында жылы қабылдап, сырлы әңгімелер де айтылды. Бүгінгі, Шымкенттегі қаласа әкімі Ерлан Айтаханов пен Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановтың алғашқы кездесуі болатын.

Кездесуде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері, қазіргі заманғы әдеби үрдіс пен Қазақстанды жаңғыртудағы шығармашыл зиялы қауымның рөлі мен рухани орта құру мәселесі талқыланды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталған қала әкімі халық жазушысының қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесін де ерекше атап өтті.

Бұдан бөлек, келер жылы Қазақстанда аталып өтілетін ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен күллі түркі жұртының мақтанышы, ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойлары туралы сөз қозғады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.