Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен ақпарат саласының мамандарымен «Мегаполисте ақпараттың рөлі» атты семинар-тимбилдингте қала сыртына шығып, таудың таза ауасында өтті.

Шымкент қаласының Ішкі саясат және дін істері басқармасы біраздан бері естен шыға бастаған үрдісті қайта жаңғыртып, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылында қаланың бірқатар журналистері мен блогерлерінің басын қосып, достық сипатта ойындар ойнатып, пайдалы ақпараттармен бөлісіп қайтты.

Таза аудағы семинар-тимбилдингте Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Әлібекқызы алғы сөзінде әріптестеріне жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанындағы Жаңа медиа және дата журналистиканы зерттеу тобының жетекші, медиатренер Асхат Еркімбай келушілермен «Сізбен танысқым келеді» тақырыбы бойынша қатысушылармен ойын өткізуде. Жылдам ойлы, тапқыр журналистер өзара мықтыларды анықтауда. «Бәйшешек» тобы ойын жеңімпазы атанды. «Селфи тайм». Әріптестерден жақсы селфилер күтіңіздер.

#SMM маркетингі, оның стратегиясы жайлы медиатренер Тимур Бектұр түскі астан кейін семинар қатысушыларына терең түсіндіріп берді. Сұрақтар қоюға рұқсат берді.

Қазақстан әлем бойынша «ютубты» пайдаланудан үшінші орында екен. 170 мемлекеттің арасында. Ютуб пайдаланушыларының басым көпшілігі кино көретін болып шықты. Екінші орында инстаграм, үшінші фейсбук. Шымкенттіктер жоғарыдағы желілерге кіруде руспубликамызда үшінші орында тұр. Және де барлық тақырып бойынша ақпаратты дұрыс бере білудің тәсіліне тоқталды.

Әлем бойынша халықтың басым көпшілігі телефон арқылы инстаграммды жиі пайдаланады. Онда «лайктың» жиналуы туралы ақпараттар айтылды.

«Мегаполистегі ақпараттың рөлі» тақырыбындағы семинар_тимбилдингінің белсенді қатысушыларына Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істер басқармасының басшысы Жанар Бектаева, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанындағы Жаңа медиа және дата журналистиканы зерттеу тобының жетекшілері, медиатренерлер А.Еркімбай мен Т.Бектұр арнайы «Сертификат» пен бағалы заттар табыстады.

(Фото Асхат Әссанди)

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.