«Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылуда.

Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық,қайсарлық қасиеттерге баулу.

Байқау республика бойынша 6-10 сынып оқушыларының арасында өтеді. Байқау аясында қатысушылар 132 беттен 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.

Байқауға қатысуға Шымкент қаласы бойынша 116 мектептен 1094 оқушы, 610 мұғалім тіркелді.

Шымкент қаласы бойынша байқаудың аудандық іріктеу кезеңдері 28-31 қазан аралығында, қалалық кезең 6 қараша күні өтеді.

Байқау 2 кезеңнен тұрады:
1-ші кезең аудандық;
2-ші кезең қалалық;
Оқушыларға арналған жүлде қоры:
Аудандық кезең: 1-ші орын үшін 150 000 теңге (немесе бағалы сыйлық), 2-ші орын 100 000 теңге (немесе бағалы сыйлық), 3-ші орын 50 000 теңге (немесе бағалы сыйлық).

Қалалық кезең:
1-ші орын үшін- 1 000 000 теңге
2-ші орын 600 000 теңге
3-ші орын 300 000 теңге
Жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне арналған жүлде қоры:
Қалалық кезең: 1-ші орын алған оқушының ұстазы кемі 2 000 000 теңге, 2-ші орын кемі 1 200 000 теңге, 3-ші орын кемі 600 000 теңге.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.